«Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Бұл нормативтік құқықтық акті din.aktobe.gov.kz интернет сайтында орналастырылды және 2019 жылғы 14 қаңтарында № 4 «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысының «Атаменкен» кәсіпкерлер палатасының қорытындысы ескертусіз берілді.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 11 ақпанында № 01-2/15 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2020 жылдың 17 қаңтарында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 31 қаңтарында аяқталды. Есептеме бойынша 89 қаралым жинады.