Мектеп оқушыларымен кездесу

Бүгін Басқарманың бас маманы О.Вороневич №16 мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен әлеуметтік желі арқылы жастарды деструктивті бағытқа тартудың алдын алу бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында "Методы вербовки в интернете" тақырыбындағы видеоролик көрсетіліп, бүктемелер таратылды.