БАСПА-РЕЛИЗІ

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 164 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
қаулы жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 164 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4376 тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы күнтізбелік25 (жиырма бес) күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзіміне кірмейді) ұсынылған құжаттар топтамасының қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісім беру туралы шешімді әзірлейді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден Стандарттың 10-тармағына сәйкес дәлелді бас тарту туралы жазбаша жауапты әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;»;
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы күнтізбелік25 (жиырма бес) күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзіміне кірмейді) ұсынылған құжаттар топтамасының қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша куәлікті әзірлейді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден Стандарттың 10-тармағына сәйкес дәлелді бас тарту туралы жазбаша жауапты әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;»;
9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы күнтізбелік25 (жиырма бес) күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзіміне кірмейді) ұсынылған құжаттар топтамасының қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісім беру туралы шешімді әзірлейді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден Стандарттың 10-тармағына сәйкес дәлелді бас тарту туралы жазбаша жауапты әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;»;
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Бұл нормативтік құқықтық акті din.aktobe.gov.kz интернет сайтында орналастырылды және 2019 жылғы 27 тамыздағы № 97 «Актюбинский вестник», 2019 жылғы 24 тамыздағы № 97 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысының «Атаменкен» кәсіпкерлер палатасының қорытындысы ескертусіз берілді.
Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қорытындысы ескертусіз берілді.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 01-2/61 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 13 тамызында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 27 тамызында аяқталды. Есептеме бойынша 104 қаралым, 1 пікір ұсынылды және оған тиісті жауап қайтарылды.