«Бауырыңа өмір сыйла»  акциясы

23 тамызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдігінің бастамасымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» КММ-нің мамандары, мешіттердің қызметкерлері және жергілікті жамағат өкілдері қан тапсырды. Шара Ақтөбе облысының орталық мешіті – «Нұр Ғасырд» ғимаратында өтті. «Бауырыңа өмір сыйла» атауымен өткен шараны іске асырудағы басты мақсат қанға мұқтаж науқас адамдарға қайырымдылық көрсету болып отыр.