Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Ашық есік күні»

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Ашық есік күні»
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ақтөбе қаласында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында 6 қыркүйек күні сағат 11.00-15.00 аралығында тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін кеңінен қамту, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, Ақтөбе облысының дін істері басқармасының ұйымдастырылуымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Ашық есік күні».
Шара барысында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, Ақтөбе қаласы әкімдігі құрылымдық бөлімдерінің мамандарымен қабылдау жүргізілді. (Кәсіпкерлік бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі, білім бөлімі, тұрғын үй қатынастары бөлімі, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Даму» КДҚ» АҚ, мемлекеттік кірістер басқармасы, полиция басқармасы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы). Шара қортындысы бойынша 60 адамға консультациялық көмек көрсетілді.