Ақтөбеде «Open space» тегін кеңес беру күні өткізілді

Ақтөбеде «Open space» тегін кеңес беру күні өткізілді
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ақтөбе қаласында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында облыстық дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы және Ақтөбе қаласынының әкімдігі бірлесе отырып а.ж. 12 қыркүйек күні тұрғындардың діни,(теологиялық және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұрақтар) психологиялық, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және де өзге де әлеуметтік мәселелер бойынша «Астана» сауда үйінің алдында «Open space» форматында тегін кеңес беру күні өткізілді.
Аталмыш шарада түрлі сұрақтар бойынша 100-ден астам адамға мамандар тарапынан тегін кеңестер берілді. Сонымен қатар халықты жат ағымнан сақтандыру мақсатында «Аңсар» орталығының сенім телефоны, ақпараттық бүктемелер, буклеттер,кітаптар таратылды.