Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 «Діни дебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағынасәйкес жүзеге асырылады.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3413 тіркелген, 2012 жылғы 18 қыркүйекте «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Бұл нормативтік құқықтық акті din.aktobe.gov.kz интернет сайтында орналастырылды және 2019 жылғы 25 мамыр № 58 «Актюбинский вестник», 2019 жылғы 21 мамыр № 57 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысының «Атаменкен» кәсіпкерлер палатасының қорытындысы ескертусіз берілді.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 02-1/38 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 3 маусымында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 17 маусымында аяқталды. Есептеме бойынша 77 қаралым, пікірлер ұсынылған жоқ.