«Нұрдаулет» мешітінің 20 жылдық мерейтойы

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М. Тоқжанов «Нұрдаулет» мешітінің 20 жылдық мерейтойына қатысты. Мерейтой барысында Облыс әкімінің орынбасары Ораза айтпен тұспа-тұс келген «Нұрдәулет» мешітінің 20 жылдығымен және жиналған жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтап, Мақсат Нұрдәулетұлын алғысхатпен марапаттады.
Мақсат Нұрдәулетұлы қолдауымен өткен ғасырдың соңында салынған «Нұрдәулет» мешіті өңірімізде ашылған алғашқы діни ордалардың бірі әрі бірегейі. Тәуелсіздігіміздің 28 жылы ішінде Қазақстан Республикасы халқының бірлігі мен ынтымағын сақтауға негізделген ұлтаралық, конфессиялық келісімнің өзіндік үлгісі қалыптасты. «Нұрдәулет» мешітінің Ақтөбе қаласы халқының діни сауаттылығын арттыруда және келер ұрпаққа тәрбие беру, отандастарымыздың рухани әлеуетін қалыптастыруға қосқан үлесі зор.