«НҰР-МҮБАРАК» ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ КУРСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Ақтөбе облыстық дайындық курсының ашылу салтанатына «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат ал-Жинди, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, исламтанушы P.h.D доктор Қайрат Құрманбаев, облыс әкімі О.С. Оразалин, Ақтөбе облысының дін істері басқармасы басшысы Ә.Ж. Тұралиев, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Т.Д. Оспан, және облысымыздың зиялы қауым өкілдері қатысты.
Салтанатты шара барысында қонақтар мен қала тұрғындары даярлық курсының ғимаратын аралап, танысты. Аталған ғимаратты облысымыздың мердігер азаматы, дініміздің жанашыры, ұрпағымыздың рухани сауатты әрі қоғам үшін пайдалы болып өсуіне үлес қосу мақсатында тегін ұсынып отыр.
Сонымен қатар, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Ақтөбе облыстық дайындық курсының ұзақ мерзімде жұмыс жасауына қолдау көрсету мақсатында, «Талапкер-Ақтөбе» Қоғамдық қоры құрылып, басшысы ретінде А.Ж. Сарбасов тағайындалды.