Ақтөбеге "Нұр Мүбəрəк" университетінің ректоры жұмыс сапарымен келді

Кеше, 23 мамырда "Нұр Мүбəрəк" Египет ислам университетінің ректоры əл-Джинди Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді. Іс-сапар барысында ректор Бестамақ ауылында орналасқан медресенің қызметімен танысып, оған жоғары баға берді. Сондай-ақ, медресе түлектерін жоғарғы білім алудын бар мүмкіндіктерімен таныстырды. Сонымен қатар, ректор "Нұр Ғасыр" мешітінде еліміздің бас мүфтиінің атынан берілген ауызашар рəсіміне де қатысты.

sYHdPGy3Tw0.jpg


NWLYw7xGUK8.jpg

Қазіргі таңда, "Нұр Мүбəрəк" университетінде 53 ақтөбелік білім алуда. Аталған оқу орынын биыл бітіретін 8 түлекті өңірдегі мешіттер мен дін саласы бойынша қызмет атқаратын мекемелерге жұмыс тарту көзделуде.


yb-25KoPXzA.jpg


OJYEtjQ8siQ.jpg

Айта кетер жəйт, бүгін "Нұр Мүбəрəк" университетінің Ақтөбе қаласында даярлық курсының ашылу салтанаты өтетін болады. Курсты ашудағы мақсат - кадр мəселесін жергілікті мамандарды даярлау арқылы шешу жəне ақтөбелік жастарға "Нұр Мүбəрəк" университетінде білімдерін шыңдауға мүмкіндік туғызу.