Әйел адамның отбасы тұрақтылығындағы орны

18 мамыр күні осы тақырыпта өткен форумның басты қолдаушылары- Ақтөбе облысының Дін істері басқармасы және "Жарық" ақпараттық-консультативтік орталығы әйелдерді рухани қолдау, діни білімдерін арттыру, психологиялық көмек көрсету мақсатында осы шараны ұйымдастырды. Дән риза болған жамағат дәріс барысында көздеріне жас алып, ризашылықтарын білдіріп, хадиясын табыс етіп кеткен жамағат та болды.
Лекцияда, әйелдің отбасының ұйытқысы болудағы міндеті не? Әйел жәннаттық болуы үшін нені қағида тұту керек? Тілдің күналары. Салиқалы әйелдің сипаты қандай? т.б. әйел адамзатына керекті, білуі міндетті болған мәселелер қозғалды. Шара соңында жамағат көкіректе жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.