АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ДІНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 22 мамырында дін істері басқармасы басшысының орынбасары - С.С. Мұқановтың төрағалығымен облыс әкімдігінің ғимаратында жергілікті діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдері Клубының кезекті отырысы өтті. Аталмыш шараға 10 діни конфессия өкілдері, дін істері басқармасының мамандары, Ақтөбе қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.Кездесу барысында діни бірлестіктерде бақылау-кассалық машиналарды қолдануға қатысты мәселелер, дін саласындағы ҚР заңнамасы және діни қызмет саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды, сондай-ақ, басқарманың діни бірлестіктермен өзара іс-қимылының жылдық Жоспары ұсынылды.Кездесу соңында, діни бірлестік өкілдері қойған сұрақтарына мемлекеттік орган мамандарынан толыққанды жауаптар алды. Сондай-ақ, мемлекеттік - конфессиялық бағыттағы өзара іс-қимылдың кешенді жоспарын құру бойынша ұсыныстар талқыланды.