«ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖОБАСЫ жалғасуда

А.ж. 10 қазан күні «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасына сәйкес жұмыс тобының 1 бағыты бойынша ақпарттық-түсіндіру шаралары өз жалғасын тауып, мамандармен жалпы және жеке кездесулерге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Осылайша, Хромтау ауданы әкімдігі ғимаратында мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен, Көктөбе және Көктау елді-мекендерінде жергілікті ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері және 9-11 класс оқушылары, дәстүрлі емес көзқарастағы азаматтар, ауыл ақсақалдары және мешіт жамағаттары арасында бір қатар іс-шаралар жүргізілді.
Өткізілген шаралар барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Жастарды жат ағымнан сақтайық!», «Теріс діни ағымның 13 белгісі», «Как предостеречь своего ребенка от деструктивного культа» 3 түрлі буклеттер мен брошюралар таратылды. Сондай-ақ, «Ата-ананың қадірі» сынды қысқа метражды бейнероликтер көрсетілді.
Жалпы 547 адамның қамтылуымен 19 шара ұйымдастырылды.