«ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖОБАСЫ қайта жанданды

А. ж. 9 қазаны мен 4 қараша аралығында облыс көлемінде «ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» жобасы жүзеге асырылады. Жобаның I-ші бағыты, яғни «Ауқымды түсіндіру жұмыстары және рухани сұрақтар» бойынша облыстық дін істері басқармасының басшысы - Ж.Қалмағанбетов пен «Нұр Ғасыр» орталық мешітінің бас имамы - Т.Оспан бастаған топ алғаш Хромтау ауданында болып, діни ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.