Біліктілік арттыру семинары басталды

Бүгін Алға ауданының Бестамақ ауылында орналасқан «Ақтөбе медресе колледжінде» жергілікті имамдардың біліктіліктерін арттыруға бағытталған 2 күндік оқу семинары басталды. Аталмыш шараға Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» кафедрасының меңгерушісі, еліміздегі тұңғыш ислам ғылымының PhD докторы - Қайрат Құрманбаев қатысып, имамдарға дәріс оқыды.