Бейнеконференция өтті

А.ж. 20 қыркүйек күні ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б.Ермекбаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету жайы және медиа-жоспарды жүзеге асыру бойынша бейнеконференция өтті.
Бейнеконференцияға өңірлердің дін істері басқармалары мен дін мәселелерін зерттеу жөніндегі орталықтарының басшылары қатысты.
Аталған шарада жергілікті атқарушы органдар көрсететін діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету жайы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартудың алдағы міндеттері, сондай-ақ дін саласы бойынша республикалық, өңірлік медиа-жоспарды жүзеге асыру, оның ішінде радикалды діни иделогияны дискредитациялауды іске асыру бойынша мәселелер қаралды.
Жиын барысында туындаған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.