ҚР Парламентінің Мәжілісінде үкімет сағаты өтті

А.ж. 18 қыркүйек күні ҚР Парламентінің Мәжілісінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметін талқылауға арналған үкімет сағаты өтіп, жиында аталмыш ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев баяндама жасады.
Дін саласына қатысты Мемлекет басшысының жарлығымен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізінде заңнамалық актілерге түзетулерді көздейтін құжаттар пакеті әзірленгендігін хабарлады. Заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»деп аталады. Заң жобасында көзделген жаңашылдықтар дін саласындағы мемлекеттік саясатты реттеу барысында мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.
Қазіргі уақытта Заң жобасын қоғам өкілдері мен сарапшылар талқылауда, сондай-ақ ағымдағы жылдың қазан айында Парламент Мәжілісіне енгізу жоспарланып отыр.
Аталған ҚР Парламентінің Мәжілісінде өткен үкімет сағатына облыстық дін істері басқармасы басшысы – Жолдас Нұрланұлы Қалмағанбетов қатысты.