«Интернеттен алған білімнің қауіптілігі» тақырыбында кездесу өтті

А.ж 14 қыркүйегінде облыстық дін істері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жақияев Қази Бағданұлы «Ақтөбе қалалық әскери госпиталь» қызметкерлерімен «Интернеттен алған білімнің қауіптілігі» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында заңмен тыйым салынған сайттар туралы ақпарат беріліп, сондай-ақ «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының студиясымен дайындалған «Оразадағы ойран» атты бейнеролигі көрсетілді.
Кездесу соңында госпиталь қызметкерлері қойған сұрақтарға, жауаптар берілді.