«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында семинар өтті

Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Филиалы ҚР-ның Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Мектеп оқушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басқарудың құзырлылық амалы» тақырыбында семинар өтті.
Орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен өткен семинарға облыстық дін істері басқармасының басшысы - Қалмағанбетов Жолдас Нұрланұлы облыстағы діни ахуал туралы баяндама жасап, семинар барысында жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беріп, қазіргі таңдағы өзекті мәселе — діни экстремизм мен діни ағымдарға бой алдырмау мақсатында атқарылатын істер төңірегінде ой-ұсыныстар айтылды.
Аталмыш семинарда 2016 жылғы 5 маусымдағы Ақтөбе қаласындағы лаңкестік іс-әрекетке қатысып, өмір бойы бас бостандығынан айырылғандардың өтініші мен өкініші туралы «Орзадағы ойран» атты бейнеролик көрсетілді.
Семинарға жалпы саны 30-ға жуық тыңдаушы қатысты.