Б. Сапарбаевтың төрағалығымен облыстық әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті

А.ж 11 қыркүйегінде облыс әкімі – Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстық әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті.
Кеңеске мемлекеттік мекемелердің басшылары, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау, фискалды органдар өкілдері қатысты.
Аталмыш шарада өңір басшысы облыстағы деструктивті діни ағым ұстанушы тұрғындардың саны біршама қысқарғанын, алайда жекелеген аудандарда бұл бағыттағы жұмыстардың жергілікті жүргізілмей отырғанын атап өтті.
Сонымен бірге, облыстық дін істері басқармасының басшысы - Ж.Н.Қалмағанбетов «Ақпараттық-түсіндіру топтарының өңірдегі діни ахуалға әсер ету дәрежесі туралы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет кеңістігінде атқарылып жатқан шаралары туралы» баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі бірқатар аудан әкімдері мен жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беріп, жергілікті діни ахуалды үнемі назарда ұстау және бақылау қажеттілігін ескертті.