«Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу

Бүгін облыстық дін істері басқармасының бас маманы, теолог Қалманов Мейірбек Камалбекұлы темір жол қызметкерлерімен «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында еліміздің аумағында заңмен тыйым салынған экстремистік және террористік діни ұйымдарының заңсыз қызметтері туралы ақпараттар беріледі. Сонымен қатар, тындаушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Кездесуде жалпы саны 110 тындаушы қатысты.