Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жаңартылған мүшелеріне төсбелгі тағу және мүшелік куәлігін табыстауға байланысты жиын өтті

Бүгін облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы (әрі қарай АТТ) мүшелерімен кездесу өткізілді.
Шараның мақасты – ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасымен» таныстыру, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасымен таныстыру, сондай-ақ облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын талқылау, жұмыстың нәтижесі мен тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру және нақты мақсат-міндеттерді айқындап, жоспарлау болып табылады.
Шараны Басқарма басшысы - Ж.Н.Қалмағанбетов ашып, жиын қатысушыларына облыстағы діни ахуал жөнінде қысқаша мәлімет беріп, артынша басқарма басшысының орынбасары тұжырымдаманы түсіндіріп, сонымен бірге әкімшілік бөлімі басшысы Заң жобасына енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баяндады.
Жиын соңында аталған құжаттар бойынша пікір алысып, артынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арнайы төсбелгілер мен мүшелік куәліктер табысталды.
Аталмыш шараға мемлекеттік мекемелердің, зиялы қауым қоғамдық ұйымдардың, ҚМДБ мен БАҚ өкілдері қатысты.