Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Ақтөбе облысы дін істері басқармасымен (одан әрі - Басқарма) 2015 жылдың 29 маусымында «Ақтөбе облысының дін істері басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.
Жоспарда көрсетілген талаптарға сәйкес Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жүргізу бойынша жауапты қызметкер ретінде әкімшілік бөлімінің басшысы Имангалиева Дана Сериковна тағайындалды.
Жыл сайын Басқарма қызметкерлері және Басқарма жанындағы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы» КММ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жолдарын түсіндіру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.
Басқарманың қабылдау бөлмесінде, ашық, қолжетімді жерде жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған жәшік, барлық азаматтарға көрінетін жерде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатындаақпарат стенді ілінген және «сенім телефоны» туралы ақпарат орнатылған. Қазіргі таңда жәшікке келіп түскен арыз-шағым, өтініштер жоқ, ал басқарманың және оның жанындағы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы» КММ «сенім телефонына» қазіргі уақытқа дейін 27 қоңырау келіп түскен, алайда сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтар келіп түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жүргізілетін құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізу мақсатында басқарманың интернет ресурсында, яғни басқарма сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарлары, облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары,мекемеде ілінген стендтте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің call-center 1424 туралы жадынама, сонымен қатар басқарманың «сенім телефоны» туралы ақпарат орналастырылған.
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламенттеріне сәйкес Басқармамен ағымдағы жылдың бүгінгі таңдағы жағдайын алғанда 5мемлекеттік қызмет көрсетіліп, олар бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізу тұрақты түрде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен өткізілетін шараларда діни бағыттағы сұрақтармен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Яғни, бекітілген жоспарға сәйкес түсіндіру жұмыстарының аумағы аудандарға шығуды, жоғары, орта оқу орындары, мектептерде, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды қамтиды.
Осылайша, Басқармамен қаңтар айында дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат тобының мүшелерімен Т.Бегильдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»тақырыбында, № 26 орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына «Противодействие коррупции – наша главная задача» тақырыбында, ақпан айында Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және болашақ мамандар», № 28 орта мектебінің оқытушылары мен оқушыларына «Противодействие коррупции – наша главная задача», Алға ауданы әкімдігінде тұрғындар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршаға міндет» тақырыбында кездесулер және № 4, 56 және Новый орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары, «Рауан» көпсалалы колледжі студенттері, БҚМУ № 1 жатақханасы студенттері, № 3 өрт сөндіру қызметі қызметкерлері және Алға аудандық орталық мешітінде ауыл тұрғындарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында кездесулер мен дәрістер ұйымдастырылды.Наурыз-сәуірайларында Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы, Шұбарши ауылының Ақмешіт мешіті,мамыр-маусым айларында Қобда ауданы Ақырап ауылының орта мектебі және Қобда ауылының қазақ орта мектебі, Ойыл ауданының аграрлық колледжі, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласының әкімдігі, Ырғыз аудандықішкі істер бөлімінің қызметкерлері және оқушыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында кездесулер өткізіліп, дәрістер оқылды.
Жалпы, есептік кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу және оның алдын алу мақсатында 1702 адамның қамтылуымен 21 шара өткізілді.
Сонымен қатар, халық арасында экстермизм мен терроризмнің алдын-алу, теріс ағымдардың мәнін түсіндіру, азаматтардың діни сауатын арттыру мақсатында ақпараттық –түсіндіру жұмысы аясында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша 646 шара ұйымдастырылып, осы өткізілген шараларда 10618адам қамтылған.
Басқармамен аталған шараларға қоса, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілгендігін хабарлаймыз.
Жалпы, өңірде дін саласында осы уақытқа дейін сыбайлас жемқорлыққа жол беріліп, бұзушылықтар орын алған жағдайлар кездеспеген, сәйкесінше, бұл бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі проблемалар мен міндеттерді шешу қажеттілігі туындамаған және бұл бағыттағы кең көлемді жұмыстарды одан әрі жалғастыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң түрде ықпал ететіндігі белгілі.
Басқармамен бұл бағыттағы жұмыстар бақылауға алынып, өз жалғасын табуда.