Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2016 жылдың есебі

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығына
2-қосымша
Ақтөбе облысы дін істері басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші – «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Мекенжайы – Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 137, 146-кабинеттер. Телефоны мен электрондық поштасы – 8/7132/552343, religiya_aktobe@mail.ru.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, сонымен қатар Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 235 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 164 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының дін істері басқармасы ақысыз негізде төмендегідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу"мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру"мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру"мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру"мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Ақтөбе облысы дін істері басқармасы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішінде қызметтерді алушылардың тарапынан көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет - «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" болып табылады. 2016 жылы басқармамен «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» бойынша 11, "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" бойынша 1 мемлекеттік қызметттер көрсетілген.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметтерді алушылардың назарына басқарманың ресми din.aktobe.gov.kz сайтында, сонымен қатар, басқарма ғимаратындағы стендте Стандарт және Регламетке қатысты қажетті ақпараттар орналастырылған.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Ақтөбе облысы әкімдігінің "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 164 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы басқарманың ресми din.aktobe.gov.kz сайтында және жергілікті «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 113-114 нөмірлерінде жарық көрді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2016 жылы басқармамен Ақтөбе облысы әкімдігінің «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына енгізілген өзгерістерді халық арасында түсіндіру мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Регламенттің негізгі бағыттарын түсіндіру және оның талаптарының орындалуы бойынша бұзушылықтардың алдын алу мақсатында басқарма қызметкерлері жергілікті діни бірлестіктердің жиындарына қатысып, сондай-ақ, діни әдебиеттер және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар сатуға арналған үй-жайларына барып, бекітілген регламентке сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату бойынша бірқатар жиналыстар өтті. Басқарма қызметкерлерімен жергілікті діни бірлестіктердің басшылары, облыстың аудандары және жергілікті қала тұрғындары арасында түсіндіру және алдын алу шаралары, басқарма қызметкерлері және басқарманың коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өзекті мәселері және өзгерістерді түсіндір бойынша жиналыс өткізілді.
Осылайша, 2016 жылы басқармамен облыстың аудандары және жергілікті қала тұрғындары арасында 7 кездесу, 5 жиналыс (басқарма қызметкерлері және бағынысты мекемелермен), 4 жергілікті діни бірлестіктердің басшыларымен түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Діни бағытта мемлекеттік қызмет көрсетудің өз ерекшеліктері болуына орай мемлекеттік қызмет көрсету автоматтандырылмаған түрде көрсетіледі. Осыған байланысты, Ақтөбе облысының дін істері басқармасы халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе электрондық форматта емес тек қана қағаз түрінде мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Ақтөбе облысының дін істері басқармасы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді берушілерге консультативтік-әдістемелік көмек, сондай-ақ, лауазымдық біліктілігін арттыру шаралары ұйымдастырылмады.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілері негізінде орындалады:
- Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қырқүйекте қаулысымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі»;
- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» бұйрығы;
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 164 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін кызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы;
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 235 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 164 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 816 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызметтер реестріне өзгертулер енгізіліуі.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтерді алушылардан "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу», «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру», «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру», «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру», «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтері бойынша шағымдар болған жоқ.
Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысанына қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегікөрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Өтініш беруші туралы мәлімет
Шағымның мазмұны
Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)
Қарастырған күні
Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №
Қабылданған шешім
Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет
1
2
3
4
5
6
7
-
-
-
-
-
-
-