Діни экстремизм - 21 ғасыр індеті

ХХІ ғасырдың өзекті мәселелерінің біріне айналып отырған, бүкіл әлемнің әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпалын тигізіп отырған – діни экстремизм болып табылады.
Діни экстремизм кеше немесе бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамыры терең. Қазіргі кезде экстремизм деген ұғымның кеңінен таралып отырғанын атамай өтуге болмайды.
Экстремизм сөзі–бұл (латын сөзі, extreraus - «шеткі») адамның басқа түсініктерді, сенімдерді, дәстүрлер мен құндылықтарды қабылдамауға түрткі болатын белгілі бір сенімдер мен идеяларға деген шектен тыс радикалды көзқарас жолын ұстануын білдіреді.
Қазіргі таңдағы мемлекеттің ең басты мақсаттарының бірі ұлттық қауіпсіздікті қамсыздандыру щеңберінде қоғамда келісім мен бейбітшілікті орнату болып табылады. Осы ұлттық бейбітшілікті қамтамасыз етудің маңызды компоненттерінің бірі – мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарды құқықтық реттеу жүйесі мен діни экстремизммен күресуге бағытталған мемлекеттік-құқықтық саясаты.
Негізінен, экстремизмнің пайда болуы сауатсыздыққа, надандыққа бейімделген көзқарастардан туындайды. Олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгелердің пікірлері бұрыс дегенге саяды». Осыдан басқа көріністерінің бірі – ол басқаларды көре алмаушылық, түсінбеу, түсінгісі келмеу. Олар өздерінен басқалардың барлығын адасушыларға жатқызады. Олардың ойы бойынша таза, кіршіксіз болып тек қана өздерін санайды. Сонымен қатар, олардың тағы бір ерекшелігі олар тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі қақтығыстар, төңкерістер, дау жанжалдар мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Осы экстремисттік ағымдардың қатарында жүрген адамдар өздерінің мақсаттарына жету үшін ешнәрседен бас тартпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге де дайын. Осылайша, олар күш пен қару қолданып, заңдардың барлығын аяққа таптап, дін атын бүрмеленіп, өз мақсаттарына жетуге тырысады.
Экстремизмнің пайда болу себептерін сарапшы мамандар әр түрлі деп түсіндіреді. Олар: елдің экономикалық тоқырауынан, жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуінен, мемлекеттік басқару жүйесінің өзгеруінен, ұлттық қанаудан және т.б.
Экстремизмнің қоғамда одан әрі белең алуына әсер ететін факторлар ретінде халықаралық және мемлекеттік жүйеде экстремизмге қарсы күрестің осалдығы, халықтың саяси-құқықтық мәдениетінің төмендігі, мемлекетаралық қатынастардың әлсіреуі, әлеуметтік шиеленістердің көбеюі мен халықтың діни сауатының төмендігін айтып кетуге болады.
Елбасымыз «Қазақстан жолы - 2050» атты халыққа Жолдауында «Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі» деп атап айтты. Демек, еліміздің ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды бағыттары ретінде қоғамдық келісімді одан әрі нығайтып, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті күшейту қажет. [1]
Осы бағытта мемлекет алдына ауқымды міндеттер қойылып, елімізде қыруар жұмыстар атқарылуда. Экстремизм мен терроризмге қарсы күресте құқық қорғау органдары белсенді атсалысуда. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы, мешіттер мен имамдар, діни оқу орындары қазақ қоғамын гүлдендіру жолында, дәстүрлі ислам дінінің кең етек жайып, оның құндылықтарын насихаттауда сүбелі жұмыстарын атқарып келеді.
Осы экстремизм және терроризммен күресуге байланысты Елбасымыз Н.А. Назарбаев «діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» бекітті. Бұл бағдарламада экстремизм мен терроризмді алдын алу үшін біз халықтың, топтардың арасында ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын одан әрі дамытуымыз қажет. Сонымен қатар, мекемелер мен түрлі компаниялар қызметкерлерінің осы экстремизм мен терроризмге қарсы діни –ақпараттық сауаттылығын арттыруымыз қажет.
ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы
Талдау жұмысы бөлімінің басшысы м.а.
Еденбаева М.М.