"Олардың мақсаты - бүлік"

«Ат-Тәкфір уаль-Хиджра» ұйымы экстремистік деп танылып, Қазақстан аумағында тыйым салынды
Исламдағы ең ауыр қылмыстардың бірі фитна, яғни алауыздық, бүлік тарату болып саналады. Мұсылмандардың арасында іріткі салған адам, оларға жау болып табылады, себебі ол ағайынды ағайынға, діндарды діндарға қарсы қояды.
Фитна – мұсылман қауымының өміріндегі ең жаман кезең. Хадистерге сәйкес, кімде-кім бір дінді ұстанушыларды бір біріне қарсы қойып, жалған айыптаулар істесе, сондай-ақ қылмыс істеуге дайын болса оларды ауыр жаза күтіп тұрғаны бекер емес. Керісінше, кім ізгі ниет пен татулыққа шақырса, ол адам екі дүниенің бақытына кенеледі. Абу Дауд Мұхаммед пайғамбардың келесі сөздерін жеткізген: «Бүлік таратудан аулақ болғандар, шын мәнінде бақытты».
Бүгінгі күні ислам іліміне еркін түрде түсінік беру ғаламдық геосаяси күрестің маңызды бөлігіне айналды. Фанатизм мен төзімсіздіктің жақтастары қоғамды ішінен бөлу және араб әлеміндегі зайырлы режимдерді бірінен кейін бірін жою арқылы мұсылмандардың сенімдерін алдап-арбайтын түрлі әрекеттерге барады. Діни радикализм ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды жоққа шығару арқылы, исламның рухын және бейбітсүйгіштік және дінге еріктілік болмысын бұрмалайды.
Мұсылмандар арасында алауыздық тудыратын құралдардың бірі «ат-Тәкфір уаль-Хижра» экстремисттік ұйымы болып табылады. Ағымдағы жылғы тамызда Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты аталған ұйымды экстремистік деп танып, Қазақстан Республикасы аумағында қызметіне тыйым салды.
Тәкфиризм идеологиясы нені көздейді, оның тәжірибесі қандай? Бірінші кезекте, ол ұйымның атауында көрсетілген екі элемент: тәкфір және хижра. «Тәкфір» - кәпір деп айыптау немесе үкім шығару. Осы ұйымның жақтастары өздерінің мүддесіне сай келмеген кез келген мемлекетті «кәпір елі» деп айыптай салады. Тәкфір үкімі билік өкілдеріне, оның ішінде саяси лидерлерге, қарулы күштер мен құқық қорғау органдары өкілдеріне де қатысты шығарылады. Сондай-ақ осындай мемлекетті «тағұт» («пұтқа табынушылар») мемлекеті деп атайды және соңында оған қарсы жихад жарияланады.
Олардың қызметіндегі екінші элемент – «хижра». Классикалық исламда хижра – діни ілімін қорғау мақсатында жер аудару деп түсініледі. Бірінші хижраны мұсылмандардың өмірін сақтап қалу үшін Меккеден Мединаға өзінің серіктестерімен Мұхаммед пайғамбар жасаған. Алайда радикализм идеологтары оны өзгеше түсіндіреді. Олар үшін хижра – ол қоғамнан тікелей немес жанама бөлектену, басқа елдерге шығу.
Сонымен қатар, тәкфіршілік жолын қуушылар – әсіресе өздерінің қатарларына қосудың бастапқы кезеңдерінде жасырынды күнгірт хиджра-сезім арқылы оқшалауды пайдаланады. Тәжірибеде бұл қоғаммен, сондай-ақ бұрынғы қоршаған ортасында дәстүрлі исламға ұстанушылармен барлық қатынастарды үзу болып табылады. Бұл әдетті тұрмыс салтынан бас тарту, сыртқы келбетін және «кәфір» деп атауға болатын барлық нәрселерді өзгерту.
Қалыптасқан тұрмыс салттан бас тарту, сыртқы келбетін, киімін және «кәпірлік» деп атауға болатындардың барлығын өзгерту туралы айтылуда.
Фанатизмнің жақтастары аса керітартпалықты жақтауы, салт-дәстүрден, қалыптасқан қоғамның негіздерінен бас тартуы, олардың мұсылмандық ілімде біржақты әрі тікелей түсініктемеге сүйенетіндігінен көрінеді. Олар туған күнді тойлау, аптадағы күнді ерекше белгілеу, түрлі діни мерекелер, мерейтойлар жасау, танымал адамдарға ескерткіш орнату, қазалы күнге қатысты жиындарды жасау және сол жиындардағы түрлі шараларды (мысалы, жоқтау айту) ұйымдастыру, мазарларды тұрғызу және тағы сол сияқты шараларды жол берілмейтін жаңашылдық (бидғад) деп түсінеді.
Өкінішке орай Қазақстанда да белгілі бір деңгейде таралған тәкфіршілдердің тәжірибесі зайырлы заңдар мен зайырлы мемлекетті жоққа шығарумен тығыз байланысты.Осылайша, радикалдар қоғамның этно-мәдени және конфессионалдық үйлесімін бұза отырып өздерін шынайы ислам дінінің жалғыз ұстанушылары деп жариялайды. Шындығында, олар салт-дәстүрлері мен мәдениетін мұсылмандық аясында қалыптастырған қазақ халқының бай тарихи тәжірибесін жоққа шығарып рухани нигилизм танытады. Олар үшін біздің өткен тарихымыз бар болғаны адасқан және күпірлік жолы. Ал ислам діні Қазақстанға тәкфіршілердің арқасында келді деп санайды.
Сөзсіз, радикалдар өздерінің сенімдерімен мұсылмандық ілімнің рухын да, мағынасын да жоюда. Дәлелсіз «тәкфір» жариялау исламға тән сабырлық пен өзара түсінушілік шеңберінен әлдеқайда шығып отыр. Радикалдар намаз оқымайтындардың барлығын кәпір санайды. Бес уақыт намаз оқуы мұсылмандар үшін маңызды талаптардың бірі болып табылады.Алайда, басқа бірін кәпір деп жариялау үшін Алланы жоққа шығару, басқа құдайларды мойындау, Пайғамбар мен Құранды жоққа шығару немесе тіл тигізу сияқты үлкен күнәлар жасаған жағдайлар секілді анағұрлым дәйекті дәлелдер қажет қой. Сондай-ақ, «тәкфір» жариялау тәртібі бірқатар шарттарды орындауды қажет етеді және бұл исламдық құқық саласындағы атақты ғұламалардың құзыретіндегі іс. Тиісті білімі және өмірлік тәжірибесі жоқ кез келген адам бұндай маңызды шешім қабылдай алмайды.
Радикализмнің қармағына ілінген адам тез арада өз елінің рухани мұрасын мойындамай, патриотизм мен адамгершілік қасиеттерден бас тарта бастайды. Өзінің ата-анасын намаз оқымағандары үшін кәпір деп айыптап, жалған сеніммен тіпті жанұясынан да бас тартады. Осының жалғасы ретінде ол әлемнің түрлі бұрыштарында қарулы жанжалдарға қатысатын террористік ұйымның мүшесіне айналғанын өзі де байқамай қалуы мүмкін. Өкінішке орай, Қазақстандық жастарды содырлардың қатарына тоқтамай қосылу фактілері анықталуда. Отандастарымыздың қарулы жанжалдарға қатысу үшін Сирияға кетуі тәкфіршілдікті насихаттаудың салдарынан деп айтуға болады.
Тәкфіршілік алдымен, пайдакүнемдік мақсаттарға, мемелекеттік құрылымды әлсіретуге және қоғамды тұрақсыздандыруға жетуге бағытталған ислам ілімін бұрмалайтын саяси қозғалыс екенің түсіну қажет. Радикалдық ұйымдар геосаяси күрестің сыналған құралы болып табылатыны мәлім және қаржыландыру арналары шетелден бастау алатыны кездейсоқтық емес. Тәкфіршілдік пен жихадизм идеялары арқылы санаулы аялар ішінде тұрақты мемлекетті азаматтық соғысының алаңына айналу мүмкін екендігіне Ливия, Сирия, Египет сияқты мемлекеттердің қайғылы жағдайлар дәлел.
«Ат-Тәкфір уаль-Хижра» ұйымының Қазақстан аймағында тыйым салынған ұйымдар тізіміне енгізілуі баяндылықты, бейбітшілікті және татулықты сақтау жолында маңызды қадам болып табылады. Дауға шақыратындар - біздің елімізді дұшпандылық пен өшпенділік алаңына айналдырғысы келетіндер, ақша мен билік үшін бейбіт азаматтардың қандарын төгуге дайын, өзін заңнан және қоғамнан тыс санайтындар.
Е. Смагулов, ф.ғ.к., дінтанушы