Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2015 жылдың есебі

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығына
2-қосымша
Ақтөбе облысы дін істері басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші – «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Мекенжайы – Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 137, 146-кабинеттер. Телефоны мен электрондық поштасы – 8/7132/552343, religiya_aktobe@mail.ru.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Ақтөбе облысының дін істері басқармасы ҚР 11.10.2011 ж. бекітілген «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 23.04.2015 ж. бекітілген № 147 «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына және Ақтөбе облысы әкімінің 22.05. 2015 ж. бекітілген № 167 қаулысына сәйкес, «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу», ««Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» және «Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастыруын бекіту туралы шешім беру» туралы мемлекеттік қызметтерді қағаз түрінде және де тегін жүзеге асырады.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Ақтөбе облысы дін істері басқармасы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішінде қызметтерді алушылардың тарапынан көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет - «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» болып табылады. 2015 жылы басқармамен «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» бойынша 11, «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» бойынша 1 және «Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастыруын бекіту туралы шешім беру» бойынша 1 мемлекеттік қызметттер көрсетілген.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметтерді алушылардың назарына басқарманың ресми din.aktobe.gov.kz сайтында, сонымен қатар, басқарма ғимаратындағы стендте Стандарт және Регламетке қатысты қажетті ақпараттар орналастырылған.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 164 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы басқарманың ресми din.aktobe.gov.kz сайтында және жергілікті «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 86-87 нөмірлерінде жарық көрді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2015 жылы басқармамен дін саласындағы жаңадан бекітілген Стандарт пен Регламенттің негізгі бағыттарын халық арасында түсіндіру мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Стандарт және Регламенттің негізгі бағыттарын түсіндіру және оның талаптарының орындалуы бойынша бұзушылықтардың алдын алу мақсатында басқарма қызметкерлері жергілікті діни бірлестіктердің жиындарына қатысып, сондай-ақ, діни әдебиеттер және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар сатуға арналған үй-жайларына барып, бекітілген Стандарт пен регламентке сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату бойынша бірқатар жиналыстар өтті.
Сонымен қоса, басқарма қызметкерлері облыс аумағындағы орта мектептерде, колледж және жоғары оқу орындарында ұйымдастырылған түрлі шараларға қатысу барысында бекітілген Стандарт пен Регламентке сәйкес ақпарат берілді.
Одан өзге, облыс аумағында тіркелген діни бірлестіктердің тарапынан заңсыз қызмет ету фактілерінің алдын алу мақсатында басқарманың ресми din.aktobe.gov.kz сайтында және жергілікті «Ақтөбе» газетінің 19.11.2015 жылғы № 150-151 санында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының сарапшы қызметкері Ыдырыс Ұланның «Миссионерлік қызметті заң шеңберінде реттеу жолдары» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
Осылайша, басқармамен 2 семинар, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы басқарма қызметкерлерімен 3 және мемлекеттік қызмет алушылардың қатысуымен 2 жиналыс, басқарма сайтына 1 мақала және жергілікті БАҚ-та 1 мақала жариялау, 7 мемлекеттік қызмет алушылармен жүргізілген арнайы түсіндіру шаралары жүзеге асырылды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Діни бағытта мемлекеттік қызмет көрсетудің өз ерекшеліктері болуына орай мемлекеттік қызмет көрсету автоматтандырылмаған түрде көрсетіледі. Осыған байланысты, Ақтөбе облысының дін істері басқармасы халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе электрондық форматта емес тек қана қағаз түрінде мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Ақтөбе облысының дін істері басқармасы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді берушілерге консультативтік-әдістемелік көмек, сондай-ақ, лауазымдық біліктілігін арттыру шаралары ұйымдастырылмады.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілері негізінде орындалады:
- Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қырқүйекте қаулысымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі»;
- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» бұйрығы;
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 164 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін кызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтерді алушылардан «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу», «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру», «Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастыруын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтері бойынша шағымдар болған жоқ.
Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысанына қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегікөрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Өтініш беруші туралы мәлімет
Шағымның мазмұны
Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)
Қарастырған күні
Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №
Қабылданған шешім
Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет
1
2
3
4
5
6
7
-
-
-
-
-
-
-