Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің паспорты

Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу
Қызметтің атауы
Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Ақтөбе облысының дін істер басқармасы» ММ
Қызметтің тұтынушылары
жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет Стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) көрсетілетін қызметті алушы паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар діни бірлестік берген құжат;4) куәлік көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама және миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестіктің жарғысының көшірмесі;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар.Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында миссионер ретінде тіркелу үшін қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжаты.Шет тіліндегі құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру
Қызметтің атауы
Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы шешiм беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Ақтөбе облысының дін істер басқармасы» ММ
Қызметтің тұтынушылары
Жеке және заңды тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынақосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшiрмесi;
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;
3) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы туралы еркін нысандағы негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-шаруашылық үй-жайлардың бар-жоғы, сондай ақ үй-жайдың пайдалану мақсаты діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпаратты сақтауға және сатылымға қоюға әзірлеуге арналғандығы; үй-жайды салу мақсаты; үй-жайдан (ғимараттан) бес жүз метр қашықтықта діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары,мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сот және құқық қорғау органдары, қылмыстық-атқару жүйесі ғимараттарының жоқ екендігі, сондай-ақ екі жүз метр қашықтықта мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар ғимараттарының жоқ екендігі көрсетілген);
4) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
5) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін пайдалануға рұқсат етуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады).
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім.
Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру
Қызметтің атауы
Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Ақтөбе облысының дін істер басқармасы» ММ
Қызметтің тұтынушылары
Заңды тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi.3) оны пайдаланатын, тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған, не болмаса көрсетілген объектілерде келушілерге жеке дұға етуге арналған үй-жайлар ашу қарастырылған ғимараттың, халық көп келетін объектінің (сауда объектілері, теміржол және вокзалдары, әуежайлар, порттар) басшысы қол қойған еркін нысандағы негіздеме.
Еркін нысандағы негіздемеде: діни шаралар өткізуге арналған үй-жайды анықтаудағы (орналастырудағы) мақсаты, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, үй-жайдан (ғимараттан) үш жүз метр қашықтықта рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары жоқ екендігі көрсетіледі.4) жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және (немесе) жер учаскесіне нотариалды куәландырылған сәйкестендіру құжатының көшірмесі, не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
5) діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар орналасқан аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстарының діни іс-шаралар өткізуге (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі;Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның аталған үй-жайда діни іс-шаралар өткізуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің үй-жайы болған жағдайда ұсынылады);
6) меншік иесінің үй-жайды діни іс-шараларды өткізу үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім.
Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру
Қызметтің атауы
Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады
Қызметті алушылар
жеке және заңды тұлғаларға
Қызметтің құны
тегін
Қызмет көрсету мерзімі
1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
қағаз түрінде
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада берілген нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi;
3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
4) жылжымайтын мүлiк нысанына ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;
5) меншік иесінің үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
6) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж, келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
7) үйлерді (ғимараттарды) қайта бейіндеу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратына) қайта бейіндеуге (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына қайта бейіндеуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің үй-жайы болған жағдайда ұсынылады).
Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi – үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім немесе көрсетілетін қызметті берушінің осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру
Қызметтің атауы
Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
жеке және заңды тұлғаларға
Қызметтің құны
тегін
Қызмет көрсету мерзімі
1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
қағаз түрінде
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ұсынады.
Қажетті құжаттар
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада берілген нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi;
3) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
4) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады, ) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына қайта бейіндеуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның үй-жайы болған жағдайда ұсынылады).
Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi – ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім немесе көрсетілетін қызметті берушінің осы стандарттың 10-тармағына көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.