Басқарма жаңалықтары

28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
Мерекенің пайда болуының қысқаша тарихы. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні – халықаралық еске алу күндерінің күнтізбесінде 1996 жылдан бері пайда болды. Шындығына келгенде, Канада, АҚШ елдерінің ірі кәсіподақ ұйымдары сонау 1989 жылы қаза тапқан жұмысшыларды еске алу күнін атап өту жөнінде бастама көтерген болатын. 80-жылдардың ортасында, АҚШ, Канада, сонымен қатар Европа мен Азияның көптеген елдерінде жұмыс барысында өмірмен қоштасқан және ауыр жарақаттар алған адамдардың саны өте көп болып кетті. Кәсіподақтар мен қоғамдық ұйымдар жұмыс берушілерді еңбек жағдайларын жақсартуға, экологиялық таза технологияларды енгізуге, жұмыс орындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Халықаралық еңбек ұйымы(ХЕҰ) 1996 жылы ресми түрде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні енгізу жөнінде ұсыныс берді. Бұл бастаманы көптеген елдердің жұмысшы топтары мен кәсіподақтары қолдады, өйткені әлемнің кез келген елінің ұйымдарында жұмысшылардың құқықтары мен еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы кездесіп отырды, бірақ ХЕҰ бастамасымен мереке пайда болуы арасында біраз жылдар өтті. Алған рет ресми түрде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 2003 жылы атап өтілді.
2014 жылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы: «Жұмыс орнында химиялық заттарды пайдалану барысында еңбекті ќорғау». Жұмыс орнында химиялық заттарды пайдалану қоғам үшін тұтас және еңбек әлемі үшін нақты мәселе болып отыр. Еңбекті қорғау күні бүкіл дүние жүзі бойынша жұмыс орнындағы оқыс оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында атап өтіледі. Жыл сайын өткізілетін бұл аќпараттық-түсіндірмелі компания қоғам назарын еңбекті қорғау саласындағы мәселелерге көңіл аудару ќажеттігіне шақырады.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылып 2014 жылғы 28 сәуір күні басқармада Жұмыс орнында химиялық заттарды пайдалану барысында еңбекті қорғау және Еңбек дауларын реттеу тақырыбына дөѕгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге облыстық басќармалардың, облыстық кәсіподақтар кеңесінің, кәсіпорындардың өкілдері қатысты.