Регламенттер жобалары

Жоба
Діни қызмет саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Нұрқатоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
5. Ақтөбе облысы Әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
2014 жылғы 24 сәуірдегі № 124 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3905 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);
2014 жылғы 24 қарашадағы № 414 «Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 124 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4136 тіркелген, 2015 жылғы 22 қантарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған).
Облыс әкімі А. Мұхамбетов