Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2014 жылдың есебі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығына 2-қосымша
Ақтөбе облысы дін істері басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
1. 1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші – «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Мекенжайы – Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 137,146-кабинеттер. Телефоны мен электрондық поштасы – 8/7132/552343, religiya_aktobe@mail.ru.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Ақтөбе облысының дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.02.2014 ж. бекітілген № 137 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» қаулысына және Ақтөбе облысы әкімінің 24.04. 2014 ж. бекітілген № 124 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу», «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру», «Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастыруын бекіту туралы шешім беру» туралы мемлекеттік қызметтерді қағаз түрінде және де тегін жүзеге асырады.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Ақтөбе облысы дін істері басқармасы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішінде қызметтерді алушылардың тарапынан көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет - «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» болып табылады. 2014 жылы басқармамен «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» бойынша 9 және «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
2. 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметтерді алушылардың назарына басқарманың ресми din.aktobe.gov.kz сайтында, сонымен қатар, басқарма ғимаратындағы стендте Стандарт және Регламетке қатысты қажетті ақпараттар орналастырылған.
2)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» облыс әкімдігі қаулысының жобасы басқарманың ресми din.aktobe.gov.kz сайтында және де жергілікті «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2014 жылдың 15 сәуірінде № 44-45 нөмірлерінде, сонымен қатар, «Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 124 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысының жобасы басқарманың ресми din.aktobe.gov.kz сайтында және де «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2014 жылғы 19 тамызында № 104-105 нөмірлерінде жарық көрді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2014 жылы басқармамен дін саласындағы Стандарт пен Регламенттің негізгі бағыттарын халық арасында түсіндіру мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Стандарт және Регламент талаптарының дұрыс орындалуы және талаптары бойынша бұзушылықтардың алдын алу мақсатында басқарма өкілдері діни бірлестік жетекшілерімен, осы салада қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Басқарма қызметкерлерімен осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында жергілікті «Қазақстан-Ақтөбе», «Рика ТВ» телеарналарында сөз сөйлеулер ұйымдастырылды.
Осылайша, басқармамен 3 кездесу, БАҚ-та 3 сөз сөйлеу, 2 семинар, 1 дөңгелек үстел жүзеге асырылды.
3. 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Діни бағытта мемлекеттік қызмет көрсетудің өз ерекшеліктері болуына орай мемлекеттік қызмет көрсету автоматтандырылмаған түрде көрсетіледі. Осыған байланысты, Ақтөбе облысының дін істері басқармасы халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе электрондық форматта емес тек қана қағаз түрінде мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Ақтөбе облысының дін істері басқармасы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді берушілерге консультативтік-әдістемелік көмек, сондай-ақ, лауазымдық біліктілігін арттыру шаралары ұйымдастырылмады.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілері негізінде орындалады:
- Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қырқүйекте қаулысымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі»;
- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанда № 137 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» қаулысы қаулысы;
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 124 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін кызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы. 4. Мемлекеттік қызметтерді алушылардан «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу», «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру», «Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастыруын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтері бойынша шағымдар болған жоқ.
Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысанына қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегікөрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Өтініш беруші туралы мәлімет
Шағымның мазмұны
Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)
Қарастырған күні
Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №
Қабылданған шешім
Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет
1
2
3
4
5
6
7
-
-
-
-
-
-
-