Жаңалықтар

17.11.2015
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

2015 жылдың 16 қарашасы күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен Ақтөбе облысының діни ахуалы бойынша жұмыс отырысы өтті. Аталмыш отырысқа қала, аудан әкімдері, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында дін саласындағы өзекті мәселелер қарастырылып, құзыретті органдарға нақты тапсырмалар берілді.
03.11.2015
Қазақстан «Ислам мемлекетін» террористік ұйым деп таныды

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің хабарлауынша, Қазақстанда «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйым деп танылды.
Астана қаласының Есіл аудандық соты 2015 жылдың 15 қазанында Ислам мемлекетін террористік ұйым деп тану туралы шешім шығарды.
30.10.2015
2015 жылғы 29 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен «Зайырлы мемлекет және жоғары руханият – болашағы біртұтас ұлт тұғырнамасы» тақырыбында Қазақстан дінтанушыларының V Форум

Форумның мақсаты мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және еліміздегі дінтанулық білім беру сапасын жетілдіру мәселелері бойынша дін саласындағы мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастық арасындағы диалогты одан әрі дамыту болып табылады.
Форум жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, дінтанушы ғалымдар, теологтар, жалпы білім беру мекемелерінің «Дінтану негіздері» факультативті курсының мұғалімдері, «Дінтану» мамандығының студенттері мен магистранттары, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-тардың өкілдері қатысады.
26.10.2015
Дін мәселелері жөніндегі АНТ мүшелеріне арналған семинар

2015 жылдың 23-24 қазан күндері Ақтөбе облысы дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттау тобы мүшелерінің біліктілігін арттыру бойынша екі күндік семинар өтті.
19.10.2015
18 қазан – Рухани келісім күні

«Рухани келісім» күні 1992 жылдан бері өткізіліп келеді, атаулы күн тарихы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың бастамасымен өткізілген Рухани келісімнің бүкіләлемдік конгресінен бастау алады.
Осыдан 23 жыл бұрын, 1992 жылдың 18 қазанында Алматы қаласында Рухани келісімнің бүкіләлемдік Конгресінің бірінші сессиясы өтті.
Осыған орай, «Рухани келісім» күнін атап өту мақсатында Ақтөбе қаласында ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта дәстүрлі діни, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Рухани келісім – бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі» атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Дәстүрлі дін басшыларының қатысуымен жыл сайын дәстүрге айналған аталмыш шара аймақтағы дінаралық келісімнің тағы бір көрінісі болып табылады.
12.10.2015
Қазақстан дінтанушыларының V форумы

Конференция тақырыбы: «Зайырлы мемлекет және жоғары руханилық – болашағы біртұтас ұлт платформасы»
Дін саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін талдамалық-сарапшылық сүйемелдеу, діни экстремизм мен терроризмді алдын алудың жаңа инновациялық әдістерін әзірлеу, елдегі дінтанулық білім беру сапасын арттыру бойынша жұмысты жетілдіруге бағытталған мемлекеттік саясаттың басым мақсаттарын іске асыру бойынша алдағы жұмысты анықтау Форумның мақсаты болып табылады.
01.10.2015
Ақтөбеде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтіп жатыр (ФОТО)

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шаралар Әбілқайыр ханның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Ақтөбеге елдің көптеген аймақтары мен Ресейден қонақтар келді.
Кіші жүздің ханы, Қазақ хандығының жоғарғы бас қолбасшысының ескерткішіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыстардан келген делегациялардың басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, шығармашылық зиялы қауым, Әбілқайыр ханның ұрпақтары, студенттер, мектеп оқушылары гүл шоқтарын қойды.
25.09.2015
Ақтөбе облысының әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қасиетті Құрбан айт мерекесінде Ақтөбе қаласының мешіттеріне барып, мұсылман қауымын айтулы мерекемен құттықтады.
Алдымен облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінде облыс тұрғындарын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жиналған жамағатпен Айт намазына қатысты.
22.09.2015
«Дін. Еркіндік. Толеранттылық» тақырыбында облыстық конференция өтті

2015 жылдың 21 қыркүйегінде «Нұр Отан» АОФ ғимаратында «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы мен «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Дін. Еркіндік. Толеранттылық» тақырыбында облыстық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты - зайырлы мемлекеттегі діни ахуал мәселелерін талқылау, дәстүрлі діндер арасындағы бейбітшілік пен төзімділікті нығайту, жастардың діни сауаттылығын арттыру, дін тақырыбында толыққанды ақпарат беру, әлемдегі діни ахуалды ортақ талқыға салу, ашық мәселелердің шешімдерін іздеу.
19.09.2015
Досжан хазірет Қашақұлының туылғанына 200 жыл толуына орай ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференция

2015 жылдың 18 қыркүйегінде Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде қазақ халқын имандылыққа үндеген, ислам дінінің насихатталуына өлшеусіз үлес қосқан діни ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Досжан хазірет Қашақұлының туылғанына 200 жыл толуына орай ғылыми-практикалық конференция өтті.
25.08.2015
Ақпараттық-насихаттау тобы мүшелерінің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар

Ақтөбе облысы дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының» ұйымдастыруымен облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттау тобы мүшелерінің біліктілігін арттыру бойынша екі күндік семинар басталды.
Аталмыш семинарға Астана қаласынан Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы, сондай-ақ облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің бас имамы, Ақтөбе облысы бойынша ҚМДБ өкілі Дәуренбеков Әбдімүтәлі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкері Қожабаев Арман, «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының» психологы Мусиралина Бұлбұл Оқасқызы шақырылды.
19.08.2015
Діни ілімді дұрыс жолдан іздейік!

Құрметті еліміздің азаматтары, қазақ жастары!
Қазіргі қоғамымызда ақпараттық технологиялардың жетістіктері саналатын әлеуметтік желілер арқылы көптеген мүмкіндіктер ашылуда. Соған байланысты қазіргі ел азаматтары, әсіресе жастар мен жасөспірімдер бұл қызметті тұрақты пайдаланады. Ақпараттардың тез тарауына мұрындық болып отырған осы желілер арқылы әртүрлі мазмұндағы бейнероликтер немесе үндеулер, хабарламалар да таралып жатады. Кейбір азаматтар діни мазмұндағы ақпараттарды кездейсоқ жіберсе, кейбір ақпараттар жоспарлы түрде таратылады. Сол арқылы адамдар бір-бірлерімен танысып, көзқарастарын бөлісіп, біртекті ұстанымдағы адамдар бірігіп топ құрып жатады.
14.07.2015
Ақтөбе облысының әкімі Архимед Бегежанұлы «Нұр-ғасыр» мешітінде қасиетті Рамазан айында ораза ұстап жүрген мұсылман жамағатқа ауызашар берді

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов шілде айының 13 күні қасиетті «Қадір түніне» орай «Нұр-ғасыр» мешітінде ауызашар берді. Ауызашарға облыс орталығынан және аудандардан зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, кәсіпкерлер, атқарушы билік өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, дін қызметкерлері, барлығы 130 адам шақырылды.
12.06.2015
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі

Қазақстан Президенті отырысқа Иордания Королі ІІ Абдалланың қатысып отырғанына, ол бастамашылық еткен «Амман жолдауы» мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің үндестігіне, бұл бастамалардың өркениеттер мен конфессиялар арасындағы сындарлы диалогты дамыту үшін қажетті тұғырнама  қызметін атқаратынына назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев жұмысы аяқталуға таяған съездің делегаттары қонақжай қазақ жеріне тағы да жиналу арқылы басты мақсатқа қол жеткізгенін атап өтті.
– Діндер, халықтар және мемлекеттер арасындағы татулық пен келісімнің аса маңызды екендігін түсіну үшін бір-бірімізге тағы бір қадам жақындай түстік. Діндердің өзара ықпалдастығы мен олардың жаһандық даму жолындағы рөлі туралы ашық сұхбат жалғасып тапты. Әлемнің тұрақтылығы пен қауіпсіздігі жолындағы ынтымақтастыққа деген ортақ мүдделестік бар екені аңғарылды. Өмірдің өзекті мәселелері жөнінде съезге қатысушылардың барлығының ортақ немесе ұқсас ұстанымдары көрініс тапқан декларация мақұлданып, қабылданды. Қазақстанның елордасында екі күн бойы түрлі тілде, түрлі дәстүр бойынша бейбітшілік, келісім, әділеттілік, кешірімділік және жақыныңа деген сүйіспеншілік туралы ортақ тілек-дұға жасалды, – деді Мемлекет басшысы.
28.05.2015
Ақпараттық-насихаттау тобы мен терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің біліктіліктерін арттыруға бағытталған семинар

2015 жылдың 26-27 мамыр күндері «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ақтөбе облысының діни мәселелер жөніндегі ақпараттық-насихаттау тобы және терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің біліктіліктерін арттыруға бағытталған семинар өткізілді.

Беттер