Жаңалықтар

04.04.2016
ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі, исламтанушы Арман Қуанышбаевпен өткен кездесу

ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі, исламтанушы Арман Қуанышбаев Ақтөбедегі «Қоныс» спорт сарайында өткен кездесуде дінімізді көркейту, халықты имандылыққа ұйыту жолында тыныштықты, ынтымақ-бірлікті сақтаудың маңыздылығы төңірегінде әңгіме қозғады және көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу белгіленген уақытта, арасында еңбектеген баласы да, еңкейген кәрісі де бар, мыңдаған ақтөбеліктер «Қонысқа» ағылды.
01.04.2016
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Ағымдағы жылдың 30 наурызы күні облыс әкімі Б.Сапарбаевтың төрағалық етуімен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес пен Ақтөбе облыстық терроризмге қарсы комиссияның бірлескен отырысы өтті. Аталмыш отырысқа аудан әкімдері, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері және жергілікті діни бірлестік басшылары қатысты.
20.03.2016
Қабақ баба мешіті ашылды

Кеше, қасиетті жұма күні Ақтөбе қаласының Заречный-3 ауданында Қабақ баба мешіті жамағатқа есігін айқара ашты.
Мешітке аты берілген тарихи тұлға Қабақ баба Айтұлы туралы газетіміздің өткен санында ( №49) белгілі ғалым Жұма-Назар Асанұлының көлемді мақаласы жарияланды. Сондықтан біз бұған тоқталып жатпаймыз.
Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырға толатын мерейтойы жылында, Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы алдында халықтың игілігіне берілген мешіттің ашылу салтанаты барша қала тұрғындарының қуанышына айналып, үлкен той болып өтті. Оған тек бабаның ұрпақтары, Ақтөбе өңірінің жұртшылығы жиналып қана қойған жоқ, еліміздің өзге өңірлерінен де жамағаттар қатысты. Мұсылман қауымның мәртебесін көтеретін шараға арнайы Қарағанды, Көкшетау қалаларынан келген ақындар Айтбай Жұмағұлов, Арман Бердалиндер жырдан шашу шашты. Қонақ ақындардың мұсылманшылық туралы уағыздары, мешіт тұрғызған азаматтарға, ақтөбеліктерге арнаған жылы лебіздері жамағатқа ұнады, жаңа мешіт алдына жиылған халық дуылдап қолдап отырды.
11.03.2016
Елбасы «Жастық! Жігер! Еңбек!» атты республикалық жастар форумына қатысты

«Іс-шара барысында форумға қатысушылар «Гүлдене бер, туған ел!» жалпыұлттық марафон-эстафетаның басталғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы мұнда ел үміт артқан ең талапшыл жастар жиналғанын атап өтті» - деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйеніп.
XXI ғасырды біз жаһандық сын-қатерлер дәуірі ғана емес, жас, қуатты және талантты адамдардың дәуірі деп те атаймыз. Қазақстанда бүгінде әрбір төртінші азамат – жас ұрпақтың өкілі. Мені сіздердің білімдеріңіз, шетел тілдерін игергендеріңіз, инновацияға ашық болуға талпыныстарыңыз қуантады. Араларыңызда ақылы мен білімі қазірдің өзінде Отанымызға пайдасын тигізіп жатқан жастар аз емес. Әлем жұрты көп ұзамай жаңа қазақстандық ғалымдар, дәрігерлер, инженерлер, музыканттар мен спортшылар туралы естіп-білетініне сенімдімін, – Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті жастар қазіргі уақытта ұсынылып отырған мүмкіндіктерді пайдалануы қажеттігін айтты.
Біз заманауи білім беру жүйесін, зияткерлік мектептер, Астанада халықаралық университет аштық. Жыл сайын мыңдаған студентті әлемнің үздік университеттеріне жібереміз. Өмірдегі ең басты нәрсе – білім, жоғары кәсібилік және өз Отаныңа адалдық, мен сіздерді осыны есте ұстауға шақырамын. Сіздерде зор күш-қуат пен шығармашылық әлеует бар. Осының бәрін өмірлеріңіздегі ең басты мақсатқа жетуге бағыттаңыздар, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев біздің ел жастардың әлеуетін дамытуға және жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасап жатқанын айтты.
29.02.2016
Алғыс айту күні облыста кең көлемде атап өтіледі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1 наурыз — Алғыс айту күні болып жарияланғаны белгілі. Бұл атаулы күннің мақсаты не, мерекелік датаға орай Ақтөбе облысында қандай шаралар өткізіледі? Бұл жөнінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ербол Нұрғалиевпен сұхбаттасқан едік:
— Ербол Жолдасбекұлы, Алғыс айту күнінің негізгі мақсаты не? Бұл күні кім кімге алғыс айтады? Осыны көпшілігі түсінбей жүрген секілді? — Өткен жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өте жақсы бастама көтерді. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» — деді Қазақстан Президенті.Ал биыл 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні — 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, биыл көктемнің алғашқы күнінде ел халқы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтеді.Алғыс айту күні — ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.Бұл — тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн! Қазақ халқы қиын-қыстау заманда өздерінің шекесі шылқып отырмаса да, келген ұлттардың бәрін бауырына басты, барын алдына тосты. Сондықтан бұл күн — түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы Дала еліне деген алғыс күні болуға тиіс!Алғыс айту күні — Елбасы басшылығымен қиындықтарды бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін һәм тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл — әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдаудың, репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы көрсеткен мейірімділік пен қамқорлықтың, рухани қайсарлықтың төл мерекесі болуға тиіс!Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы — еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл атаулы күн еліміздегі ең жарқын мерекелердің бірі болады деген сенімдемін. Оның Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі жылында тұңғыш рет тойлануы да жақсы нышан.
19.02.2016
Біріккен ұлттар ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдерімен кездесу

Ағымдағы жылдың 18 ақпаны күні Ақтөбе облысы дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдерімен кездесу өтті.
Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ Балалар қорының өкілі Оксамитный Юрийдің, Балалар қорының білім және балалардың құқығын қорғау жөніндегі үйлестіруші Адерхина Татьянаның және Балалар қорының өңірлік бағдарламалар және жоспарлау жөніндегі үйлестірушісі Кажгалиева Үміттің қатысуымен өткен шарада жастар арасында діни сауаттылықтың төмендігінен және түрлі ақпарат көздерінде дәйексіз мәліметтердің таратылуынан екпеден бас тарту өзекті мәселеге айналып отырғандығы жөнінде ой қозғалып, шараға қатысушылар оның дін тұрғысындағы маңыздылығы және оның алдын алу бойынша шаралар туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
11.02.2016
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында семинар өтті

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстық филиалында «Конфессияаралық келісімді мемлекеттік саясат шеңберінде қамту» тақырыбында семинар өтті.
Облыс орталығы және аудандардың тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен өткен семинарға дін істері басқармасының басшысы Б. Есмахан «Дін және дәстүр» тақырыбында баяндама жасады.
26.01.2016
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары делегаттарының қатысуымен «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» жүзеге асыру бойынша «Зайырлы қоғам және жоғары руханият – бірлік пен келісім кепілі» тақырыбындағы аймақаралық семинар-жиналыс өтті

2016 жылдың 26 қаңтары күні «Капитал плаза» бизнес орталығының ғимаратында Елбасымызбен дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру мақсатында жасақталған «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» жүзеге асыру бойынша «Зайырлы қоғам және жоғары руханият –бірлік пен келісім кепілі» тақырыбындағы аймақаралық семинар-жиналыс өтті.
Аталмыш шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Орал, Ақтөбе архиепископы Антоний, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының дін істері басқармалары, ақпараттық-талдау орталықтарының басшылары, өкіл имамдары және православ діни бірлестіктерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Сонымен қатар, облысымыздың дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының және жастар ұйымдарының өкілдері – барлығы 175 адам қамтылды.
08.01.2016
Православ христиандары Рождество мерекесін тойлады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Свято-Никольский кафедралдық соборында облысымызды мекен еткен православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.
Өңір басшысы Рождествоның бүгінгі күні әлемнің 150-ден астам мемлекетінде тойланып жатқанын және Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен елімізде де 7 қаңтардың мереке күні ретінде белгіленгенін атап өтті.— Рождество — бейбітшіліктің, мейірімнің және Жаратушының махаббатының мерекесі. Рождество — қайырымдылық, жақындарымызбен жақсы қарым-қатынаста болу, — деді құттықтау сөзінде Бердібек Сапарбаев.
29.12.2015
Жат ағымның жаңа жылды жат санау себептері мәлім болды

Бүгінде деструктивті діни ағым жетегіндегі адамдардың жаңа жылды тойлауға қарсы көзқарастары мен пікірлері барған сайын күшейіп келеді. Мәселен, балабақша мен жалпы білім беретін орта мектептерде осы ағымға ерген ата-аналардың өз балаларына жаңа жылдық іс-шараларға қатысуға тыйым салған оқиғалар жиі кездесуде. Олардың жаңа жылдық мерекені қарсы алумен байланысты дәстүрлерді теріске шығару себептері туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин былай деді.
- Ең алдымен, бұл тақырыпқа түсінік тұрғысынан келу керек деп ойлаймын. Біріншіден, жаңа жылдіни мейрамға жатпайды. Қазақстанда адамдар және қандай да бір діни ұйымдаржаңа жылды діни мереке ретінде атап өтпейді әрі бұл күні ешкім ештеңеге табынбайды. Жаңа жылдың дінге еш қатысы жоқ, ол бәзбіреулер айтып жүргендей христиан дініндегі Иса пайғамбардың туған күні емес. Иса пайғамбардың туған күні бөлек және оны христиандар жеке атап өтеді. Ал, заманауи қоғамда аталып өтілетін жаңа жыл – күнтізбелік жыл ауысымына байланысты отбасылық немесе халықтық сипаты басым той. Жалпы, адамдар осы күні өткен жылдың аяқталып, жаңа жылдың басталғанын тойлайтындықтан, олардың бұл шешімін діни көзқарастармен байланыстырудың еш қисыны жоқ.
15.12.2015
Білім ордасындағы тағылымды кездесулер

Бүгін Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Есмахан Б.Ә. және облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің бас имамы Асанов Н.Б. Ақтөбе гуманитарлық техникалық колледжінің, қалалық № 3, 4 орта мектептерінің оқушылары және ұстаздарымен кездесу өтті.
Жиында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілген конфессияаралық татулық пен діни экстремизмге қарсы күрес саясатын талқылап, мемлекеттің дамуы мен қазақ халқының дәстүрлеріне, құндылықтарына сәйкес жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы дін істері басқармасының басшысы Б. Есмахан жастарға еліміздегі діни ахуал мен дәстүрлі діннің құндылықтары жайлы жан-жақты түсіндіріп берді.
14.12.2015
Жастармен кездесу өтті

Бүгін Ақтөбе автожол колледжінің студенттерімен және қала орталығындағы № 1, 2 орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің имамы С. Еншібай мен облыстық дін істері басқармасының қызметкері Н. Жаншиннің қатысуымен өткен жиында халықтың діни сауаттылығын арттыру, жастар арасында діни экстремизм мен лаңкестік иделогиясының таралуына жол бермеу, мемлекеттің ішкі, сыртқы және діни саясатын жеткізу аясында кең көлемде мағлұмат берілді.
08.12.2015
Облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы жылдық жұмысын қорытындылады

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсаны күні Ақтөбе облысының дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық-талдау оррталығының мәжіліс залында облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) жұмысын қорытындылау семинары өткізілді.
Шара барысында «Аңсар» АТО басшысының орынбасары Тыныштықов Асланбек Сағынайұлы «Ақпараттық түсіндіру тобының 2015 жылы атқарған жұмысының есебін» берді. Сондай-ақ, АТТ мүшелері тарапынан жыл бойы өткізілген шаралар бойынша жұмыс сапасына талдау жасалынып, аталмыш бағыттағы жұмысты жандандыруға бағыталған ой-пікірлерімен бөлісті.
03.12.2015
Мектеп оқушыларымен кездесу

Ағымдағы жылдың 3 желтоқсаны күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің бас имамы Асанов Н.Б., облыстық дін істері басқармасының басшысы Есмахан Б.Ә. және инспекторы Жаншин Н.Б. қатысуымен қалалық № 55 жалпы орта білім беретін мектебінде кездесу өткізілді.
20.11.2015
Ақтөбе облысы имамдарының білімін жетілдіру бойынша үш күндік семинар өтті

2015 жылдың 17-19 қараша аралығында Ақтөбе облысы дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен облыс имамдарының білімін жетілдіру бойынша үш күндік семинар өтті.Жыл басынан бері төртінші рет өткізіліп отырған семинарда «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты, исламтанушы Құрманбаев Қайрат, Алматы қалалық «Бәйтен» мешітінің наиб-имамы, РАНТ мүшесі Жұмабеков Қабылбек, «Аңсар» кеңес беру-оңалту орталығының» директоры Сабдин Асқар және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» басшысының орынбасары Тыныштықов Асланбек облыс имамдарының білімін жетілдіруге бағытталған түрлі тақырыптағы дәрістер оқып, семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

Беттер