Жаңалықтар

20.12.2017
Құранда білім алу орамалдан бұрын парыз болған

Білім және ғылым министрлігі барлық орта мектептер, колледждер, лицейлер үшін міндетті форма талаптарын бекіткен. Ол білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары оқушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешелік белгілерін жоюға бағытталғаны белгілі. Сонымен қатар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай мектеп формасының үлгісін, түсін регламенттейді. Алайда, бүгінде еліміздегі орта білім беру мекемелеріне қыз балалардың орамал тағып келуі мәселесі өзекті болуда. Осыған орай, теология ғылымдарының докторы, белгілі дінтанушы Балғабек Мырзаевпен әңгімелескен едік.
20.12.2017
Жаназаға арналған асқа арнайы мәзір белгілеу керек...

Халықтың дінге бетбұрысы белсенді жүзеге асып келе жатқан елімізде діндарлықтың әртүрлі типтері қалыптасу үстінде. Соған қарай діни рәсімдердің де алуан деңгейлері пайда бола бастады. Осыған байланысты Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Дінтану кафедрасының меңгерушісі, дінтанушы, ф.ғ.к., доцент Кеңшілік Тышхан мырзаның пікірін білдік.
20.12.2017
Дін туралы заң жобасы барлық тараптардың ұсынысын тоғыстырды

Дін саласындағы заңнамаларға енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы алуан түрлі пікір бар. Құжат қоғам талқылауына түскен соң, әркімнің де ойы мен ұсынысын жеткізуге құқы бар. Бұл бір жағынан демократиялық ахуалды жаңғыртса, екіншіден, көпшіліктің билікке деген сенімділігін нығайтатыны хақ. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы Еркін Оңғарбаевпен жүргізген сұхбатымыз да осындай ой төңірегінде өрбіді.
20.12.2017
ҚЫСҚА БАЛАҚ КӨҢІЛГЕ ҚАЯУ САЛАДЫ

Қазіргі таңда қазақ қоғамында Ислам діні күн санап қанатын кеңге жайғанымен кейбір теріс бағыттағы жастарымыз оның түсінігін шектеп жатқаны жасырын емес.
20.12.2017
«Сауатты шәкірт – ел болашағы»

Әлемде және елімізде соңғы жылдары орын алған лаңкестік әрекеттер мемлекеттің дін саласындағы саясатқа күрделі өзгерістер жасауға итермелеуде.
20.12.2017
САҚАЛ ҚОЮ ИСЛАМНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМЫ ЕМЕС

Қазіргі таңда қоғамда мұсылман жастардың сақал қою әрекеттері елдің назарын аудартып, әртүрлі көзқарас-пікірлер туындатуда. Өкініштісі, еліміздегі теріс діни ағым мүшелері сақалды ең маңызды ұстанымдардың біріне айналдырып отыр.
20.12.2017
Талақшылдық – әйел тағдырын тәлкек ету

Кезінде Қазақстанда екі әйел алуды заңдастыру турасында депутаттар арасында мәселе көтерілгені жұртқа белгілі. Дауыс саны жетпеуі себепті ол заңның өз уақытында қабылданбағаны рас.
14.12.2017
Нұрлан Ермекбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Толеранттылық министрімен кездесті

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің Толеранттылық министрі - Шейх Нахаян бен Мубарак Әл Нахаянмен кездесті.
13.12.2017
Басқарма басшысының Қобда ауданына іс-сапары

Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Ж.Н.Қалмағанбетов Қобда ауданында іс-сапармен болып қайтты.
12.12.2017
«Дін саласындағы медиация» мастер-класс өтті

Бүгін облыстық прокуратураның қолдауымен Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығының құрылтайшысы және директоры - Куртаева Алия Владимировна «Құқық қорғау қызмет» орталығының ғимаратында «Дін саласындағы медиация» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырды.
08.12.2017
БАС МҮФТИ САЙЛАНДЫ

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтті.
08.12.2017
МИНИСТР: ДІНДІ ФАНАТИЗММЕН ҚАБЫЛДАУ РАДИКАЛИЗМГЕ ЖОЛ БЕРЕДІ

Қазақстандықтардың 87 пайызы өздерін Құдайға сенеміз деп айтады.
08.12.2017
Діни қызмет туралы заңнамаға енгізілетін өзгертулер Парламент Сенатында талқыланды

А.ж 6 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Парламенті Сенатында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
07.12.2017
ДІНИ БАСҚАРМА МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі қыздардың орамал тағу мәселесіне қатысты өз ұстанымын мәлімдейді. ҚМДБ жамағат тарапынан киім мәселесіне қатысты жолданған сұрақтарға шариғат бойынша, балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу міндет екенін мәлімдейді.
05.12.2017
БИЫЛ РАДИКАЛДЫ БАҒЫТТАҒЫ 940 АДАМ РАЙЫНАН ҚАЙТТЫ

Биыл жыл басынан бері радикалды ағымға ерген 940 адам райынан қайтқан. Бұл туралы мәлімет Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2017 жылғы қорытынды есебінде ресми жарияланды.

Беттер